ЕСКЕРТУ: Алматы облысында аптап ыстық болады деп күтілуде

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы облысында осы аптада аптап ыстық болады деп күтілуде. Бұл туралы бүгін Алматы қаласының ТЖД баспасөз қызметінен хабарлады.

 ЕСКЕРТУ: Алматы облысында аптап ыстық болады деп күтілуде

«Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаменті «Қазгидромет» РМК филиалының 2016 жылғы 7 маусымдағы № 1 дауылды ескертпесі негізінде тұрғындарға ескертеді: Алматы облысында алдағы 8-9 маусым аралығында 31-36 градус деңгейінде қатты ыстық болады деп күтіледі», - делінген хабарламада.