ЕСКЕРТУ: Астанада бұрқасын соғып, көктайғақ болады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Алдағы тәулікте елордада қатты жел соғып, көктайғақ болады, деп хабарлайды Астана қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен.

ЕСКЕРТУ: Астанада бұрқасын соғып, көктайғақ болады

«Қазгидромет» РМК деректері бойынша 22 қазанда тәулік бойы Астана қаласында жаяу бұрқасын соғып, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысып, күші 15-20 м/с дейін жетеді», делінген хабарламада.