Ескерту: Астанада екі күн бойы боран соғады

АСТАНА. 15 қаңтар. ҚазАқпарат - 15-16 қаңтарда елордада боран болады, оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді деп күтілуде. Соған байланысты метеорологтар ескерту жариялады, деп хабарлайды аstana.kz «Қазгидромет» РМК мәлімдемесіне сілтеме жасап.

Ескерту: Астанада екі күн бойы боран соғады

Синоптиктердің болжамынша, алдағы күндері аяз болмайды. 15 қаңтарда, сәрсенбі күні Астанада күн бұлтты, күндіз қар жауады, боран болады, түнде тұман тұрады. Оңтүстік-батыстан 9-14 м/с жылдамдықпен жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с жетеді. Түнде ауа температурасы -5;-7°C, күндіз 0;-2°C. «16 қаңтарда, бейсенбі күні елордада күн бұлтты, қар жауады, боран болады. Оңтүстік-батыстан 9-14 м/с жылдамдықпен жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді. Түнде ауа температурасы -4;-6°C, күндіз 0;-2°C болады»,- деп болжайды синоптиктер. 17 қаңтарда елордада көшпелі бұлт шығады, түнде қар жауады. Батыстан 9-14 м/с жылдамдықпен жел соғады, түнде екпіні 15-18 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде -11-13°C, күндіз -6-8°C болады.