Ескерту: Астанада және Ақмола облысында көктайғақ болып, тұман түседі
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада және Ақмола облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланады. Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі хабарлады.
«Қазгидрометтің мәліметінше», 8 қаңтар күні астанада жел тұрып, көктайғақ болады. Артынша тұман түсуі ықтимал. Күндіз оңтүстік-шығыс желінің жылдамдығы 15-20 метрге дейін көтеріледі.
Ақмола облысында кей жерлерде оңтүстік-шығыс желінің жылдамдығы 15-20 метрге дейін жетеді. Көктайғақ болып, тұман түседі.