Ескерту: Батыс Қазақстанда алдағы үш күнде қатты жел тұрады
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында алдағы күндері жел күшеймек, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Қазгидромет» РМК БҚО филиалының мәліметіне қарағанда, 29 мамыр күні кей жерлерде солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетеді.
30-31 мамыр күндері де осындай ауа райы сақталып, жел солтүстік-батыстан, батыстан соқпақ.
Орал қаласында желдің екпіні секундына 18 метрге дейін жетуі ықтимал.
Осыған байланысты БҚО ТЖ департаменті ескерту жариялап, өңірде сақтық шаралары алынуда.
Еске сала кетейік, БҚО-да кеше де ауа райына байланысты ескерту жарияланғанын жазған болатынбыз.