ЕСКЕРТУ: Еліміздің бірнеше аймағында өрт қауіпті кезең басталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазгидрометтің» хабарлауынша, бүгін еліміздің бірқатар өңірлерінде күн қатты ысып, құбылмалы ауа райы болуы ықтимал.

ЕСКЕРТУ: Еліміздің бірнеше аймағында өрт қауіпті кезең басталды

Батыс Қазақстан, Маңғыстау облыстарында жел күшейеді. Желдің жылдамдығы - 15-20 м/с.

Шығыс Қазақстан мен Қостанай облыстарында да күн бұлттанып, қатты жел тұрады. Солтүстік Қазақстан облысында да тұман түсіп, жел күшеюі ықтимал. Ақмола облысында күндізгі желдің екпіні 20м/с болады.

Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе өңірлерінде аптап ыстық болады. Маңғыстау, Алматы, Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарында қатты күн ысып, өрт қауіпті кезең басталды.