Ескерту: Қазақстанның 6 облысында 7-8 ақпан аралығында күн суытады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ақпанның 7-8 арылығында Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарында күн бұзылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Telegram каналына сілтеме жасап.

Ескерту: Қазақстанның 6 облысында 7-8 ақпан аралығында күн суытады

Министрліктің Автомобиль жолдары комитетінің «Қазгидромет» мәліметтеріне сілтеме жасап хабарлауынша, аталған өңірлерде жаңын, қар жауып, кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады. Сондай-ақ, ауа температурасы күрт төмендеп, секундына 23-28 метр жылдамдықпен бұрқасын соғады деп болжанады.

«Төтенше жағдайларды болдырмау мақсатында көлік иелеріне алыс сапарға шықпауға кеңес беріледі. Оқыс жағдай болса, 1403 нөмірі бойынша тәулік бойы жұмыс істейтін call-орталыққа хабарласа аласыздар»,- делінген хабарламада.