ЕСКЕРТУ: Қазақстанның алты облысында ауа температурасы -5 градусқа дейін төмендейді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның алты облысында алдағы күндері ауа температурасы 0 градустан төмендейді. Бұл туралы «Қазгидромед» РМК хабарлады.

ЕСКЕРТУ: Қазақстанның алты облысында ауа температурасы -5 градусқа дейін төмендейді

21 қыркүйекте Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарында жауын-шашын түсіп, соңы жылбысқы қарға ұласуы мүмкін. 22-23 қыркүйекте түнде ауа температурасы 0-5 градусқа дейін төмендеуі күтіледі.

22-23 қыркүйекте Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында да жаңбыр соңы жылбысқы қарға ұласуы мүмкін, түнде ауа температурасы 0-5 градусқа дейін суытады.

22-23 қыркүйекте Қостанай, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде түнде ауа температурасы 0-5 градус нөлден төмен болмақ.