19:48, 02 Қыркүйек 2015 | GMT +5
ЕСКЕРТУ: Қазақстанның алты облысында күн суытады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның алты облысында күн суытады деп күтілуде, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.

3 қыркүйекте түнде Қостанай, Солтүстік Қазақстан, 4 қыркүйекте түнде Ақмола, Қарағанды, 4-5 қыркүйекте түнде Павлодар, 5-6 қыркүйекте түнде Шығыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде 1-3 °C суытады деп күтілуде.