ЕСКЕРТУ: Қазақстанның солтүстік және шығыс өңірлерінде күн суытып, бұрқасын болады

АСТАНА. ҚазАқпарат - 23 қараша күні Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар және Қарағанды облыстарында қар жауып, оңтүстік-шығыс желі секундына 15-20 м жылдамдықпен ұйытқиды, кей жерлерде 25 м/сек-қа дейін жетеді, деп хабарлайды «Қазгидромет».
None
None

24 қарашада жоғарыда аталған облыстарда ауа температурасы күндіз 25-30, түнде 33 градусқа дейін төмендейді.

Әсіресе осы күні Шығыс Қазақстан облысында оңтүстік-шығыс желінің жылдамдығы секундына 15-20 (кей жерде 25) метрге дейін жетеді. Ал, 25 қараша күні 33 градусқа дейін аяз түседі.

Соңғы жаңалықтар