ЕСКЕРТУ: «Қазсу шаруашылығы» Шерубай Нұра су қоймасынан су босатады
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазсу шаруашылығы» РМК-ның Қарағанды филиалының хабарлауынша 2016 жылы 5 сәуірде сағат 7:00 Шерубай Нұра су қоймасынан су жіберілетіні жайлы ескертті.
Жартас су қоймасы арқылы өткізілетін су шығыны секундына 44 текше метрге жетеді.
Осыған байланысты барлық тұрғындарды төмендегі қауіпсіздік шараларын ұстануға шақырды:
- Өзен маңындағы және су қоймалары жанындағы саяжайларға бармау;
- Өзендер, арналар, терең және үлкен арықтардың үстіндегі құбырлар мен көпірлер арқылы өтпеу;
- Жартылай аралдарға кірмеу;
- өзендер, каналдар және өзге де су қоймалары арқылы белгіленбеген жерлермен өтпеу;
- Балаларға өзендердің, қазаншұңқырлардың, терең арықтардың маңында ойнауына тыйым салу;
- Балықшыларға балық аулау кәсібін уақытша тыю.