Ескерту: Қызылорда облысында күшті жел тұрады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

Ескерту: Қызылорда облысында күшті жел тұрады

«8-10 тамыз аралығында Қызылорда облысының бірқатар аймақтарында шығыстан, солтүстік шығыстан, жылдамдығы 15-20 м/с жел соғады деп күтілуде. 8 тамызда желдің екпіні секундына 25 метрге жетеді, 9-10 тамызда секундына 23-28 метр жылдамдықпен шаңды дауыл көтерілуі мүмкін»,-делінген хабарламада.