00:28, 30 Наурыз 2015 | GMT +5
ЕСКЕРТУ: Оңтүстіктің кей өңірлерінде 30 наурызда -13 градусқа дейін аяз түседі
АСТАНА. ҚазАқпарат - 30 наурызда Алматы облысында жауын-шашын (жаңбырдың соңы қарға айналады) түсіп, кей жерлерінде қатты нөсер болады. Кей жерлерде тұман, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні кей жерлерде 25 м/с болады. Ауаның температурасы түнде 3-8, кей жерлерде 13 градусқа, күндіз 0-5, кей жерлерде 8 градусқа дейін төмендейді.

Оңтүстік-Қазақстан, Жамбыл облыстарында да кей жерлерінде солтүстік-шығыстан соққан желдің күші 18-23 м/с болып, таулы өткелдерде екпіні 30 м/с-дан асады. Ауаның температурасы түнде 3-8 градус аязға төмендейді.
Бұл туралы ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.