ЕСКЕРТУ: Республиканың бірқатар аймақтарында жел күшейеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазгидромет» РМК республиканың бірқатар аймақтарында дауылдық ескерту жариялады.

ЕСКЕРТУ: Республиканың бірқатар аймақтарында жел күшейеді

Астана қаласында 25 қараша күні қар, бұрқасын, 15-20 м/с жылдамдықтағы оңтүстік-батыстан жел күтілуде.

25 қараша Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар облыстарында қар, бұрқасын, кей жерлерде 15-20 м/с жылдамдықтағы, ұйытқуы 23-28 м/с болатын оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады. 

Сондай-ақ Астана қаласында 26-28 қараша аралығында кейде төмен деңгейлі бұрқасын, 15-20 м/с жылдамдықтағы оңтүстік-батыстан жел күтілуде.

Ал 26-28 қараша күндері Ақмола облысының кейбір бөлігінде бұрқасын күтілуде. 15-20 м/с, кейде 23 м/с жылдамдықтағы оңтүстік-батыстан жел соғады.