ЕСКЕРТУ: ШҚО-да сел жүру қаупі бар, жауын толастамай тұр
ӨСКЕМЕН. 15 тамыз. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстанда толассыз жауған жаңбырдың тоқтамауынан облыстың таулы аудандарында сел мен көшкін жүру қаупі әлі сақталады. Бұл туралы өңірдің ТЖ қызметтері ескертеді. Өңірдің өзендері мен көлдерінде су деңгейінің көтерілуі жалғасуда.
Барлық гидропосттар тәулік бойы бақылауға алынған және жағдайға байланысты ерекше режимде қадағаланады.
Мамандар БАҚ арқылы тұрғындарға су деңгейі көтерілген жағдайда 112 және 101 телефондары арқылы хабарласып, көмекке шақыру керектігін айтты.