Ескерту жасаған дәмхана қонағын пышақтаған астаналық сотталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада ер адам ескерту жасаған дәмхана қонағын кеңсе пышағымен жарақаттаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат елорда сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ескерту жасаған дәмхана қонағын пышақтаған астаналық сотталды

Қылмыстық іс материалдарына қарағанда, А. есімді азамат С.-ға ескерту жасап, дәмханадан шығып кетуін талап еткен. Ашуға булыққан С. үйінен кеңсе пышағын алып келіп, ескерту жасаған келушіге шабуыл жасаған. Салдарынан А. жеңіл жарақат алды.

Қылмыстық істі Алматы ауданының №2 соты қарады. С. ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы, 2 бөлігінің 3-тармағы (бұзақылық) бойынша айыпты деп танылды және 3 жылға бас бостандығынан айырылды.

Үкім әзірге заңдық күшіне енген жоқ.