Ескі ауыл мектебінің орнына 600 орындық жаңа білім ошағы салынды - ШҚО

ӨСКЕМЕН. ҚАЗАҚПАРАТ - «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасының аясында Шығыс Қазақстан облысының Бобровка ауылында бұрын 44 оқушы ғана сыятын ескі мектептің орнына 600 оқушыға арналған жаңа мектеп салынды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі аймақтың ақпарат орталығына сілтеме жасап.
None
None

Ауыл тұрғындары бірнеше жылдан бері білім берудің заманауи талаптарға толығымен сай жаңа мектептің салынуын күтіп келді. Жергілікті халық «Азия» ЖШС құрылысшыларының ісіне адалдығына дән риза.
null

Мектеп соңғы инновациялық құрал-жабдықтармен толық қамтамасыз етілген, кең де жарық оқу бөлмелері мен ауқымды медиатекасы бар қолайлы кітапхана оқушылардың жан-жақты білім алуына кең мүмкіндіктер есігін ашты.
null

ШҚО әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпова оқушыларды жаңа оқу жылымен құттықтай отырып, облыс басшылығының салаға ерекше мән беруінің арқасында білім беру жүйесі тамаша көрсеткіштерге қол жеткізуде: облыста жаңа мектептер мен балабақшалар салынуда. Жасалып жатқан жағдайлар босқа кетіп жатқан жоқ, Шығыс Қазақстан мектептерінің бітірушілері ҰБТ қорытындыларына орай, бүкіл Қазақстан бойынша орташа көрсеткіштерден айтарлықтай жоғары нәтижелерге жеткен.

Соңғы жаңалықтар