22:14, 22 Тамыз 2014 | GMT +5
Ескі газеттерден биоотын шығарды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жаңа Орлеанда Тулейн университетінің зерттеушілер тобы ескі газеттерден биоотын өңдеп шығаруға көмектесетін ерекше бактерия тапты.

Бактерия штаммы TU-103 атауын алды, ғалымдар оны жануардың қиында болатын бактерияға қатты ұқсайтынын айтады.
Мәселе TU-103 бактериясымен және ескі газеттермен био-бутанолға шикізат өңдеу жайында болып отыр. Ғалымдардың бағалауынша, бұл сипаты бойынша қазіргі уақытта қолданылып жүрген биоэтанолға қарағанда, кәдімгі бензинге тым жақын. Тиісінше, био-бутанолды пайдаланған кезде отын шығыны тек 10 пайызға ұлғаяды, ал биоэтанолды пайдаланғанда, ішкі жану қозғалтқышы бензинге қарағанда орташа 40 пайызға артық шығындайды.
Auto Evolution басылымы америкалық қоқыс тастайтын жерде 320 млн тоннандан астам қайталама шикізат бар екендігін растады. Ғалымдардың жаңалығының арқасында ол енді биоотынға айналуы мүмкін.