Есіл өзенінде су деңгейі әлі де көтеріліп келеді - Қазгидромет

Есіл
Фото: qyzyljarnews.kz

АСТАНА. KAZINFORM – Есіл өзенінде су деңгейі әлі де көтеріліп келеді. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК баспасөз хатшысы Алина Ысмағұлова айтты.

«Солтүстік және оңтүстік циклондар және олармен байланысты атмосфералық фронтальды бөліністер Қазақстанның басым бөлігінде найзағайлы, жаңбырлы ауа-райын тудырады. Оңтүстіктің таулы аймақтарында қатты жаңбыр жауады. Елдің солтүстігінде түнгі уақытта жауын-шашын болады. Республика бойынша тұман, жел күшейеді деп күтілуде», - деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте.

Оның дерегінше, Ақмола облысындағы Есіл өзенінің гидрологиялық бекетінде су деңгейі 12 сағатта 21 см-ге көтерілген. Ал Петропавл қаласында Есіл өзенінің гидрологиялық бекетінде су деңгейінің күрт көтерілуі байқалды. Су деңгейі тәулік ішінде 144 см-ге артты. Ал Долматово ауылы тұсында Есіл өзенінің гидрологиялық бекетінде су деңгейі тәулік ішінде 135 см-ге көтерілді.

Соңғы жаңалықтар