Есіл өзеніне 250 мың балық шабағы жіберілді

АСТАНА. KAZINFORM – Астана қаласының Орталық саябағы маңында Есіл өзеніне Зеренді балық питомнигінде республикалық бюджет қаражаты есебінен мемлекеттік тапсырыс аясында өсірілген 250 мың балық шабағы жіберілді. Бұл туралы ҚР АШМ баспасө қызметі мәлім етті. 

250 тысяч сеголеток карпа выпустили в реку Есиль в Астане
Фото: ҚР АШМ

Балық жіберуге ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Балық шаруашылығы комитетінің, Астана қаласы әкімдігінің, қоғамдық ұйымдардың, ғылыми ұйымның, С.Сейфуллин атындағы ҚазҰАТУ студенттерінің және Астана тұрғындарының өкілдері қатысты.

250 тысяч сеголеток карпа выпустили в реку Есиль в Астане
Фото: ҚР АШМ

Табиғи су қоймаларындағы балық ресурстарын сақтау және тұрақты пайдалану мақсатында, сондай-ақ Астана тұрғындарының демалуына рекреациялық жағдайлар жасау мақсатында жыл сайын балық жіберу жұмыстары жүргізіледі.

250 тысяч сеголеток карпа выпустили в реку Есиль в Астане
Фото: ҚР АШМ

Айта кететін жайт, балық шаруашылығы кәсіпорындары қазан айының соңына дейін Арал-Сырдария, Балқаш-Алакөл және Есіл бассейндерінің су қоймаларына тағы 15 млн балық шабағын жіберуді жоспарлап отыр.

Соңғы жаңалықтар