Есіл өзенінен ер адамның мәйіті табылды

АСТАНА. KAZINFORM – Астанада Есіл өзенінен ер адамның мәйіті табылып, бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. 

Есіл өзенінен ер адамның мәйіті табылды
Фото: polisia.kz

Полицияның мәліметінше, қаза тапқан азаматтың жеке басы анықталды. Оның елордадалық 54 жастағы тұрғын екені белгілі болды.

– Марқұмның денесінен зорлық-зомбылық белгілері анықталған жоқ. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Оқиғаның мән-жайы тергеу барысында анықталады, - деп хабарлады Астана қалалық Полиция департаменті.

Павлодарда Ертіс өзенінде қайық аударылып, бір адам суға кеткенін жазғанбыз.

Сонымен қатар, Ертіс өзенінде суға кеткен ер адамның мүрдесі алты тәуліктен соң табылды.