ESPN.com: «Головкин Мэйвезер мен Пакьяоның орнын басуы мүмкін»

АСТАНА. ҚазАқпарат - ESPN.com сайты Флойд Мейвезер мен Мэнни Пакьяо мансаптарын аяқтағаннан кейін олардың орнын басуға қауқарлы боксшыларды атады, деп хабарлады Sports.kz.

ESPN.com: «Головкин Мэйвезер мен Пакьяоның орнын басуы мүмкін»

Сайтта дауыс беруге қатысушылар мен сарапшылардың пікірінше, бос қалған орынды басуға үміткердің бірі - бірнеше нұсқа бойынша орта салмақтағы қазіргі әлем чемпионы Геннадий Головкин.

«Геннадий Головкин. Ғаламшардағы ең мықты боксшылардың бірі де бірегейі. Жасы 34-те, рекорды  34-0 (31 КО). Ұзақ уақыт орта салмақ дәрежесінде үздік келеді, ол Сауль Альвареспен жекпе-жегін күтіп жүр.  Өз дивизионын «тазалағаннан» кейін 168 фунтқа көтеріліп, үлкен қарсылас іздеуге шығуы мүмкін», - деп жазылған материалда.