20:37, 27 Желтоқсан 2015 | GMT +5
ESPN Deportes: «Головкин, Альварес пен Гонсалес - 2015 жылдың үздік боксшылары»
АСТАНА. ҚазАқпарат - ESPN Deportes порталы 2015 жылдың үздік үш боксшысының есімдерін атады, деп жазады Sports.kz.

Үздік үштікке мексикалық Сауль Альварес, никарагуалық Роман Гонсалес пен қазақстандық Геннадий Головкин кірді.
«Биылғы жылы Головкин үлкен жекпе-жектерге дайын екендігін дәлелдеді. Ол үздік боксшылармен жұдырықтаспаса да, жанкүйерлердің көзайымына айналып үлгерді. Енді алдағы GGG-дан үлкен жекпе-жектер күтеміз», - деп жазады ESPN Deportes.