ESPN сарапшысы Головкин-Альварестің жекпе-жегін қалап отыр

АСТАНА. ҚазАқпарат - ESPN шолушысы Дэн Рафаэл 2016 жылы көргісі келетін бокс жекпе-жектерінің тізімін жасады, деп жазады Sports.kz.

ESPN сарапшысы Головкин-Альварестің жекпе-жегін қалап отыр

«Қалаулы» тізімнің бастысы Геннадий Головкин мен Саул Альварестің жекпе-жегі болып отыр.

«Канело Альварестің қарсыласы Геннадий Головкин болса бұл атышулы оқиға, әрі осы күздің «ең тартысты шоуы» болар еді. Осы жекпе-жекті Cowboys стадионында өткізсек қалай болар еді?», - деп жазады журналист.