Есірткі сақтағаны үшін 7 жылға сотталған 21 жастағы азаматтың сотына 1000-нан аса оқушы қатысты

АСТАНА. KAZINFORM — Елорданың 25 мектебінен 1000-нан астам оқушы онлайн және сот залында процеске қатысты. Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз қызметі мәлім етті. 

Есіріткі сақтағаны үшін 7 жылға сотталған 21 жастағы азаматтың сотын 1000-нан аса оқушы қатысты
Фото: Еламан Тұрысбеков / Kazinform

Мақсат — жастар арасында есірткі және психотроптық заттардың заңсыз айналымы саласындағы қылмыстардың алдын алу.

— Сотталушы орындығында алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобында аса ірі көлемде психотропты заттарды өткізу мақсатында заңсыз сақтаған 21 жастағы қала тұрғыны отырды — делінген прокуратура хабарламасында.

Сот үкімімен кінәлі тұлға 7 жылға бас бостандығынан айырылды.

Теріс салдардың алдын алу мақсатында Астана қаласының прокуратурасы есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз иемдену, сақтау, тасымалдау, оларды жөнелту не өткізу — мүлкі тәркіленіп 20 жылға дейін бас бостандығынан айыруға әкеп соғатынын ескертеді.

Еске сала кетейік, бұған дейін ШҚО-да есірткі өндірумен айналысқан екі Латвия азаматына сот үкімі кесілгенін жазған едік. 

Соңғы жаңалықтар