Есірткі сатып келген 8 сайт сот үкімімен жабылды

есірткі
Фото: Pexels

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Алматы қаласы Алмалы ауданының № 2 соты есірткі таратқан интернет-ресурстардың қызметін тоқтатты.

Telegram мессенджері мен Instagram әлеуметтік желісіндегі бірқатар парақша арқылы есірткіні SMS арқылы сатып алуға болатын сайттарға сілтемелер таратылған.

Сатып алу нұсқауы бар интернет-ресурстарда олардың сипаттамасы, артықшылықтары, түрі қасиеттері көрсетілгенн. 

Сонымен қатар, есірткіні, психотроптық заттарды және олардың аналогтарын республика аумағында тұтынушыларға тарату мүмкіндігін ұсынған.

Бұл — сатушы мен сатып алушының бір-бірін көрмей-ақ есірткіні жасырын және заңды түрде сату болып саналады.

Сот уәкілетті органның талап қоюы бойынша аталған интернет-ресурстарда ақпарат тарату заңсыз деп танып, олардың жұмысын тоқтатты.

Сот шешімі заңды күшіне енді. 

Соңғы жаңалықтар
telegram