Есірткі зертханаларын прекурсорлармен қамтамасыз ететін ірі қылмыстық желі жойылды
АСТАНА. KAZINFORM — Алматы қаласы прокуратурасының үйлестіруімен Есірткі саудасымен күрес басқармасының қызметкерлері ел аумағында жұмыс істеп тұрған есірткі зертханаларыне БК-4 прекурсорларын жеткізумен айналысатын қылмыстық топты анықтау және жою бойынша сәтті операция жүргізді.
Қара нарықтағы прекурсорлардың бір килограммының құны 250 долларды құрайды. Ұсталған заттардың жалпы мөлшері 800 мың АҚШ долларынан асады.
- 2024 жылдың тамыз айынан бастап Есірткі саудасымен күрес басқармасы қызметкерлері қылмыстық топты бақылауға алды, топ мүшелері әрекеттерін үйлестіру үшін Telegram желісін пайдаланды. Жұмыс барысында прекурсорларды сақтайтын үш қойма анықталды: біреуі Алматы қаласында және екеуі Алматы облысының Іле ауданында.
Биылғы 1 қаңтарда жедел қызметкерлер Алматыдан Қарағанды облысына 180 кг прекурсорлардың тасымалданғанын тіркеді. Онда есірткі зертханалары табылып, олардың жұмыс істеуіне қатысы бар адамдар ұсталды, - деп жазды бақылаушы органнан.
9 қаңтарда Алматы мен Алматы облысында бір мезгілде қылмыстық топтың 9 мүшесі ұсталып, есірткі зертханасы табылды.
Рұқсат етілген тінтулер кезінде келесілер тәркіленді:
- ерекше ауқымды прекурсорлар: 3 тонна 210 литр;
- есірткі заттарын өндіруге арналған зертханалық жабдық;
- қару-жарақ пен оқ-дәрілер, соның ішінде тапанша, мылтық және граната тәрізді заттар;
өсімдік пен ұнтақ тектес есірткі заттары.
Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына орналастырылды, қылмыстық тізбектегі барлық байланыстарды анықтау үшін сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
Айта кетейік, былтыр полиция есірткі жеткізудің 94 ішкі арнасын жойған.