Ессіз күйден шыққан футболшының әкесінен алдымен сұрағаны, соңғы матчтың қорытындысы болды

АСТАНА. 23 наурыз. ҚазАқпарат -Англия Кубогының ¼ матчында "Тоттенхэм"  командасымен ойнау барысында алаңда есінен танған  Англияның "Болтон" клубының футболшысы Фабрис Муамба ессіз күйден шығып, туыстарымен тілдесті.

Ессіз күйден шыққан футболшының әкесінен алдымен сұрағаны, соңғы матчтың қорытындысы болды

Тілге келген Муамбаның әкесінен алдымен сұрағаны, ойынның қандай есеппен аяқталғаны болған, деп жазды The Daily Mirror. «Біз жеңілдік пе?», -деп сұрады футболшы.

Әкесі оның есінен тануына байланысты ойынның тоқтатылғаны жайлы айтты. 

Муамба 2 күн бойы ессіз күйде болған. Естеріңізге сала кетейік, ол 17 наурызда кешкі уақытта болған ойынның барысында есінен танып қалған еді. Муамба есеп  1:1 болып тұрған кезде, ойынның 43-ші минутында есінен танып, құлап түсті.