Естай Әлікеевтің «Жүрегім - сазды сандығым» деп аталатын алғашқы шығармашылық кеші өтті

АЛМАТЫ. Қарашаның 2-сі. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ -  Алматыда әнші,  ақын, сазгер Естай Әлікеевтің  «Жүрегім - сазды сандығым»  деп аталатын алғашқы шығармашылық кеші өтті,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

БұлЕстай Әлікееевтің   өнер жолындағы 10 жылдық шығармашылық қызметінің есеп беру кеші болды. Оны автор «Жаса,  мәңгі Қазақстан», «Алға Қазақстан», «Мына дүние»,  «Жақсы-жаман» сияқты туындыларымен бастады. Әншілік, ақындық, сазгерлік сияқты бірнеше өнер түрін бір бойына сіңірген Естайдың  патриоттық асқақ рухтағы шығармашылығы кеш соңында   Мәдениет және ақпарат министрлігінен келіп түскен  құттықтау хатта да   арнайы атап көрсетілді «Алакөл», «Талдықорған», «Семейім» деп «Адасқан сезімді» іздеп  «Жастық шаққа»  саяхат жасаған әнші   «Жан әке» мен «Анама» «Ақ тілек» тіледі. Ал талантты сазгердің туындысын өз репертуарына енгізген Тұңғышбай Жаманқұлов, Мақпал Жүнісова, Өмірқұл Айниязов, Есет Сәдуақасов, Дина Хамзина, Дилназ Ахмадиева, Әйгерім Қалаубаева, Динара Қырықбаева сияқты әншілер мен «Каспий», «Нұр-Мұқасан», «Нани»  топтары өз әріптестерінің қуанышын бірге бөлісті.

Соңғы жаңалықтар