Есте сақтау қабілетіңіз «ескірмесін» десеңіз

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ғалымдар балықты ұдайы жейтін адамдардың ми қызметінің белсенділігі артатынына әрі қартайғанда жадысының, яғни есте сақтау қабілетінің мықты болатынына көз жеткізді. Олар 1111 егде әйелді табаны күректей сегіз жыл бойы бақылап, осындай тұжырымға келіп отыр.

Есте сақтау қабілетіңіз «ескірмесін» десеңіз

Қарттыққа қадам басқан адамның миының көлемі кішірейетін көрінеді. Алайда, омега-3 май қышқылын жиі тұтынатын адамдарда бұл құбылыс баяу жүретіні анықталды.

Балық майының құрамында біз сөз етіп отырған май қышқылының мол болатынын дәлелденді, деп жазады muslim.kz.