Естеміроваға бес рет оқ атылған
МӘСКЕУ. Шілденің 17-сі. ҚазАқпарат - Грозныйлық құқық қорғаушы Наталья Естемірованың тұмшаланған тапаншадан бес рет атып өлтірілгені жөнінде РФ Прокуратурасы жанындағы Тергеу комитеті бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл басқармасы мәлім етті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат РБК сайтына сілтеме жасап.
Естемірованың денесін қарау кезінде қарудан атылған екі оқ басына және үш оқ денесіне тиген.
Қылмыстық істі тергеу аясында бірқатар куәгерлер тергелді. Олар Естемірованың өз өміріне қандай да бір қауіп төнгенін айтпағанын көлденең тартты.