Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Эстония Парламенті ел президентін бірінші турда сайлай алмады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Эстония Парламенті сайлаудың бірінші турында елдің жаңа президентін сайлай алмады. Кезекті отырыста тіркелген үш кандидаттың бірде-бірі депуттаттардың үштен екісінің қолдауына ие бола алмады, деп хабарлады ТАСС.

Эстония Парламенті ел президентін бірінші турда сайлай алмады

Екінші және үшінші тур 30 тамызда, сенбіде өтеді.

Тіркелген кандидаттар Орталықшылдар партиясы парламенттік фракциясының вице-төрағасы Майлис Репс, бұрынғы әділет канцлері Аллар Йыкс және парламент спикері  Эйки Нестор.