Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Эстония президенті тұңғыш рет әйел адам болды

АСТАНА. ҚазАқпарат -Эстония президенті болып бұған дейін Еуропалық есеп палатасында Эстония өкілі болған Керсти Кальюлайд сайланды.

Эстония президенті тұңғыш рет әйел адам болды

Парламентте өткен сайлауда жеңіске жету үшін үміткер депутаттар дауысының үштен екі бөлігін жинауы тиіс болды -101 дауыстың 68-ін. Кальюлайд үшін 81 халық қалаулысы дауыс берген және ол мемлекет басшысы лауазымына жалғыз кандидат болған, деп жазды «РИА Жаңалықтар».

Қазіргі президент Томас Хендрик Ильвестің өкілеттілігі қазан айында аяқталады. Ол бұл лауазымға екі рет сайланды және конституцияға сәйкес, президенттікке үшінші рет үміткер бола алмайды.