Эстонияда қазақстандық жұппен мәнерлеп сырғанаушылар 6-орында келеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Эстония астанасы Таллинде мәнерлеп сырғанаудан Tallinn trophy 2018 турнирі өтуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Эстонияда қазақстандық жұппен мәнерлеп сырғанаушылар 6-орында келеді

ҚР Ұлттық олимпиадалық комитетінің баспасөз қызметі мәлім еткендей,  аталған турнирде жұптасып сырғанауда Жансая Адыханова мен Әбіш Байқанов жұбы алтыншы орында келеді. Төрешілер олардың өнерін 34.18 ұпайға бағалаған.

Ал жекелей сында бақ сынаған Айза Имамбек қыздар арасындағы сайыста  25-ші орында тұр. Қыздар арасындағы бәсекеде ресейлік Серафима Саханович көш бастап келеді.

Ерлер арасында сынға түскен Никита Манько мен Артур Панихин тиісінше 18 және 20-шы орындарды иеленген.

Еске салсақ, бұған дейін «Челленджер» санатындағы Tallinn Trophy-2018 турнирінде қазақстандықтар алғаш рет жұптық сында өнер көрсететіндігін хабарлаған болатынбыз.