Эстонияда құмар ойындарының құрбандарына ескерткіш қойылады

ТАЛЛИН.  Шілденің 20-сы. ҚазАқпарат - Таллинде  ойынханалардың бірінің  қарсы алдына  құмар ойындарының    құрбандарына арналған ескерткіштің    іргетасы   қаланды, 

Эстонияда құмар ойындарының    құрбандарына ескерткіш қойылады

деп  хабарлайды ҚазАқпарат РБК агенттігіне сілтеме  жасап.

Ескерткіш авторы мүсінші Хенрик   Хнессен,  бұл идеяға   құмар ойынына  деген  өз  тәуелділігі  туралы  естелік  пен     осынау  қауіп туралы  басқаларға ескерту   жасау  жайындағы   ойы  итермелегенін  айтады.   Бүгінде  Эстонияда  бұрын ойынқұмар болып,  бүгінде есін жиған 50 мыңдай   адам  болса, 80 мыңдай   белсенді ойынқұмарлар тағы бар көрінеді.   Құмар  ойындарының   салдарынан 100-ге  жуық  адамның    өздеріне қол жұмсау  фактілері    тіркелген.   

Ескерткіштің іргетасын қалауға   құмар ойындарына    наразылар қозғалысының  белсенділері   қатысты.