02:26, 16 Ақпан 2013 | GMT +5
Эстонияда мұз әуені фестивалі болады
АСТАНА. 16 ақпан. ҚазАқпарат - Эстонияның Отеля қаласында 15-23 ақпан аралығында «Лейго» мұз әуенінің фестивалі болады.

Әрбір кеш сайын 150 адамға есептеліп, мұздан жасалған уақытша концерттік залда концерттер ұйымдастырылып, көрермендерге үзілістерде қатысушылары - бір біріне қарама-қарсы - от пен мұзды бейнелейтін шоу көрсетіледі, деп жазады "Российская газета"
Көріністердің ұзақтығы көрермендер тоңбайтынындай болып есептелді. Бұдан басқа, жайлы температураны қамтамасыз ету үшін жылытқыштар орнатылды, ал мұз орындықтары жылы тыстармен қапталды. Концерттік залда сондай-ақ мұз бары да бар, онда көрермендерге жылытатын сусындар ұсынылады.