Эстонияда Жер шарындағы ең биік қарағай табылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Эстонияның Мемлекеттік ормандар басқармасы Орталығының қызметкерлері ең биік шыршаны іздеп жүріп, әлемдегі ең биік қарағайға тап болды, деп жазады жергілікті БАҚ.

Эстонияда Жер шарындағы ең биік қарағай табылды

Ең биік шыршаны анықтаған соң мамандар осы маңайда өсіп тұрған қарағайларды өлшеді. Біреуінің биіктігі 46.6 метрді құрады. Мамандар ең биік ағаштардың базасына (monumentaltrees.com) деректерді енгізгенде, салыстырып таң қалды.

rus.err.ee ақпараттық порталынан атап өткендей, бұл қарағайлар арасындағы - «әлемдік рекорд».

Осыған дейінгі ең биік қарағай Польшадан табылған. Оның биіктігі қазіргіден 1.5 метрге кемдеу.

Экологтар атап өткендей, ағаштың жасы екі жүз жылдан асады.

Ал сол күні табылған ең биік шыршаның өлшемі 48.6 метрге тең.