Эстониядағы Халықаралық олимпиадаға Қазақстанның бес оқушысы қатысады
АСТАНА. 26 ақпан. ҚазАқпарат - Келесі жылы Қазақстанда физикадан халықаралық олимпиада өтеді. Бұл туралы бүгін «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының директоры Шолпан Қирабаева мәлім етті.
Оның айтуынша, аталған білім додасы биыл Эстония мемлекетінде өтпек. «Оған біз бес оқушыдан құралған команданы жібереміз. Олардың барлығы - физика пәнінің үздіктері. Ал келесі жылы олимпиада біздің жерімізде ұйымдастырылады. Бұл - ел тарихындағы елеулі оқиғалардың бірі. Оған әлемнің 85 елі қатыспақ. Әрбіреуі бес адамнан тұратын команданы аттандырады», - деп атап көрсетті Ш.Қирабаева. Сондай-ақ 2015 жылы Қазақстанда информатикадан халықаралық олимпиаданы өткізу жоспарланып отыр.