Эстониядан Жамбыл облысына жөнелтілген жүкте сутегі пероксидының шығып жатқаны анықталды
АСТАНА. Ақпанның 10-ы. ҚазАқпарат - Эстония Республикасынан Жаңатас қаласына пойызбен жөнелтілген жүкте сутегі пероксидының шығып жатқаны анықталды. Бұл туралы бүгін ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінен мәлімдеді.
Ведомство баспасөз қызметінің мәліметіне сәйкес, ақпанның 9-ы күні 18 сағат 10 минутта Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс стансысына Шымкенттік теміржол бөлімшесінің кезекшісінен, №2420 пойызын тексеру барысында, вагондардың бірінде Эстония Республикасынан Жамбыл облысының Жаңатас қаласына жөнелтілген әрқайсысы 1016 литрлік 52 канистрдан сутегі пероксидының шығып жатқандығы туралы хабар келіп түскен.
Қазір сұйықтықтың құрамы мен аққан мөлшері анықталып жатыр.
Айта кетейік, пероксидтың орнына бүгінде «перекись» термині жиі қолданылады. Ал көптеген органикалық заттардың пероксиды жарылғыш, қауіпті зат.