Эстониялық азамат Түркияда Босфор бұғазы арқылы арқанмен жүріп өтті

Эстонец прошел по канату над проливом Босфор в Турции
Фото: Hürriyet.com

АСТАНА. KAZINFORM – Эстониялық цирк әртісі Яан Роозе Босфор бұғазын теңіз үстіне созылған арқанмен кесіп өтті.

Сөйтіп, ол қолына түрік туын ұстап, Азиядан Еуропаға арқан арқылы бір құрлықтан екіншісіне арқан арқылы өткен алғашқы адам болды.

Ыстанбұлдағы Азапталушылар көпірі бағаналарының арасына арқан тартылған. Теңіз үстіндегі жол 1074 метрді құрады. Ер адам оны 47 минутта өтті. 

Эстонец прошел по канату над проливом Босфор в Турции
Фото: Hürriyet.com

Яан Роозе өзінің тәжірибесін бірегей деп атады. Ерекше қауіп ауа райының құбылмалылығында болды, деп түсіндірді эстониялық азамат. 

«Босфор бұғазы екі құрлықты байланыстырып қана қоймайды, сонымен қатар мыңдаған жылдар бойы тарихи-мәдени маңызы бар, сондай-ақ таңғажайып табиғат сұлулығына ие. Мен тарихқа ендім, сондықтан өте қуаныштымын», — деді ол. 

2013 жылы Kazinform Гранд-каньонды тікелей эфирде сақтандыру арқанынсыз кесіп өткен америкалық цирк әртісі Ник Валленданың рекорды туралы жазған, ал бір жыл бұрын америкалық ер адам Ниагара сарқырамасы үстінде созылған арқанмен АҚШ-тан Канадаға жол кесіп өткені туралы хабарлаған болатын.

Соңғы жаңалықтар
telegram