Эстониялық лотореядан 1 млн еуро ұтып алды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Эстония тұрғыны Viking Lotto халықаралық лотореясынан ел үшін рекордты сома - 1 млн еуро ұтты. Бұл туралы Eesti Loto мемлекеттік компаниясына сілтеме жасап RT арнасы хабарлады.

Эстониялық лотореядан 1 млн еуро ұтып алды

Эстониялық ұтыс - джек поттың жартысын ғана алған. Қалған бөлігі Норвегия тұрғынына тиесілі болып шықты.

Eesti Loto деректеріне сәйкес, бұған дейінгі рекордтық ұтыс 2013 жылы болған, онда 768,7 мың еуро ұтыс шыққан.