Эстонияның Силламяэ порты Қазақстанның ірі сауда-экономикалық серіктесі - Тицт Вяхи

АСТАНА. 30 қараша. ҚазАқпарат - Эстонияның ірі кәсіпкерлер қауымдастығы басқармасының мүшесі Тицт Вяхиден Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Күніне орай құттықтау хат келіп түсті.

Эстонияның Силламяэ порты Қазақстанның ірі сауда-экономикалық серіктесі - Тицт Вяхи

«Құрметті Президент мырза! Эстонияның ірі кәсіпкерлер қауымдастығы мен өзімнің атымнан 1991 жылы 1 желтоқсанда өткізілген Қазақстан Республикасының бірінші жалпы халықтық сайлауында халықтың сізге дауыс беріп, сіздің ҚР Тұңғыш Президенті атанған күніңізбен құттықтаймын! Мен үшін Сізбен Астанада өткен соңғы экономикалық форумында жеке кездесу үлкен мәртебе болды», - делінген құттықтауда.

«Біздің Эстониядағы Силламяэ порты Балтық елдері арасында Сіздің елден жүктерді ЕО пен Солтүстік Америкаға тасымалдау бойынша Қазақстанның ірі сауда-экономикалық серіктесі.

Сізге жауапты қызметіңізде табыстар, ал Қазақстан халқы мен әлемге тұрақтылық тілеймін».