Эстрада және кино жұлдыздары Ұлттық музейде гид болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанадағы ҚР Ұлттық музейінде Дүниежүзілік экскурсия жүргізушілері күніне орай «Жұлдызды гид» шоу-жобасы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Мәдениет және спорт министрлігіне сілтеме жасап.

«Жұлдызды гид» жобасына ҚР еңбек сіңірген қайраткерлері - Айгүл Иманбаева, Айгүл Қосанова, Ардақ Балажанова, Жеңіс Ысқақова, әнші Дос, театр және кино әртістері - Дәурен Серғазин мен Нұркен Өтеуілов қатысты. Олар музейге келушілерді еліміздің тарихы, мәдениеті және дәстүрімен таныстырды, ал келушілер танымал өнер қайраткерлерін жаңа қырынан тануға мүмкіндік алды.    

«Жұлдызды гид» 21 ақпанда аталып өтілетін Дүниежүзілік экскурсия жүргізушілері күніне орайластырылған. Өздерінің кәсіптік мерекесін алғаш рет 1990 жылы Лондон қаласының гидтары атап өткен болатын.

Жоба биыл Ұлттық музейде үшінші рет өткізілді. Оған бұған дейін Алтынай Жорабаева, Қарақат Әбілдина, Маржан Арапбаева, Қалқаман Сарин, Әділ Ахметов қатарлы өнер майталмандары қатысты.

 

Соңғы жаңалықтар
telegram