Эстрада жұлдыздарының қатысуымен «Дала дауысы» ІІІ халықаралық радиофестивалінің Гала-концерті өтеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - 28 қарашада «Қазмедиа орталық кино-концерт залында» «Дала дауысы» ІІІ халықаралық радиофестивалінің жеңімпаздарын салтаннатты марапаттау рәсімі мен Гала-концерт өтеді, деп хабарлайды «Қазақстан» РТРК баспасөз қызметінен.
None
None

«Дала дауысы» - музыка арқылы қазақ тілін дүниежүзі елдері арасында насихаттайтын Қазақстандағы бірінші радиофестиваль. Фестивалға қатысушы шет елдік үміткерге қазақ әнін орындау немесе өз халқының әнін қазақ тілінде орындау талабы қойылған. Ондағы мақсат - қазақ әнін шет елдіктерге орындату арқылы ұлттық музыкалық және поэтикалық тілді насихаттау.

Радиофестивалдің негізгі мақсаты - қазақ әнінің замануи бәсекеге қабілетті төлтумалық дыбысын насихаттау, жылдың үздік әндерін анықтау және жаңа таланттарды табу болып табылады.

«Дала дауысы» - тек қана радиофестиваль емес, беделді музыкалық шеру. Қазақ радиосының миллиондаған тыңдармандары интернет арқылы сүйікті әндеріне дауыс беріп, жеңімпаздарды анықтады. 2012 жылғы бірінші "Дала дауысына" екі мыңдай адам сайт арқылы дауыс берсе, 2013 жылы 54 мемлекеттен миллионға жуық тыңдарман дауыс берген. Өткен 2 жылда халықаралық "Дала дауысы" радиофестиваліне Қазақстан, Түркия, Қытай, Моңғолия, Ресей, Қырғызстаннан 200-ден астам әнші қатысып, лаурет атанды.

Биылғы "Дала дауысына" қатысуға ниет білдірген орындаушылардың қатарында: Ресей, Қытай, Армения, Латвия, Беларусь, Қырғызстан мемлекеттерімен қатар, отандық жұлдыздардан: Маржан Арапбаева, Қайрат Баекенов, Құрмаш Маханов, Шахиризат Сейдахмет, Әли Оқапов, Нұрғали Тұрлыбеков, Гүлмарс Аманбаева, Ардақ Исатаева және "Формат" пен "Заман" топтары сынды үміткерлер және сіз естімеген жаңа дауыстар бар. Жобаға қатысуға ниет білдірген 100 орындаушыдан 20 әнші ғана "Дала дауысы" ІІІ Халықаралық радиофестивалінің лауреаты атанбақ.

Радиофестиваль жеңімпаздары «Дәстүрлі орындаушы», «Академиялық орындаушы», «Эстрадалық орындаушы» аталымдары бойынша марапатталып, фестивалдің «Жаңа есімдері» анықталып, оларға «Дала дауысының» арнайы статуэткасы мен арнайы дипломын еліміздің өнер және мәдениет, қоғам қайраткерлері табыстайды.

Соңғы жаңалықтар