Есу слаломынан Әлем чемпионатына 3 қазақстандық қатысып жатыр
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Германияның Аугсбург қаласында есу слаломынан әлем чемпионаты басталды. Ол 31 шілдеге дейін жалғасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ұлттық олимпиада комитетіне сілтеме жасап.
Әлем чемпионаты аясында жарыстар аталған спорттың екі түрінен өтеді: байдарка мен каноэда есу слаломы, экстрим каноэ-слаломы.
Каноэ-слалом 1972 жылы Олимпиада дисциплинасына енген. Ал экстремалды слалом бойынша жарыстар 2024 жылы Парижде өтетін Олимпиада ойындарында алғаш рет өтеді.
Қазақстан командасының құрамы:
1. Екатерина Таранцова, К1W санаты. Біліктілікке бүгін, 28 шілдеде қатысады.
2. Александр Куликов, С1М санаты. Біліктілік 29 шілдеге белгіленген.
3. Анастасия Ананьева, С1W санаты. 29 шілдеде іріктеу кезеңінде өнер көрсетеді.
Фото: olympic.kz