Ет импорты бойынша квота қалай бөлінеді
АСТАНА.KAZINFORM – Қазақстанға еттің жекелеген түрлерін импорттауға арналған тарифтік квоталарды сыртқы сауда қызметіне қатысушылар арасында бөлу тәртібі өзгеруі мүмкін. Тиісті бұйрық жобасы «Ашық НҚА» порталында қоғамдық талқылауға шығарылды.
Құжатқа сәйкес, тарифтік квота үлесін тарихи және жаңа өнім берушілер арасында 80/20 арақатынасында бөлу ұсынылып отыр.
– Жоба бұйрығымен Қазақстан Республикасына еттiң жекелеген түрлерiн әкелуге арналған тарифтiк квоталарды сыртқы сауда қызметіне қатысушылар арасында бөлу қағидаларын қайта бекіту, сондай-ақ тарифтік квота үлесін тарихи және жаңа өнiм берушiлер арасында тиісінше 80/20 арақатынасында қайта бөлу көзделеді, – делінген құжатта.
Жоба Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеуге қатысты талаптарына, сондай-ақ 2026 жылғы 5 маусымда өткен Сыртқы сауда саясаты және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысының хаттамасына сәйкес әзірленген.
Құжат бойынша қоғамдық талқылау 9 қыркүйекке дейін жалғасады.
Айта кетейік, ет өнімінің экспорты 50 пайыз өскенін жазғанбыз.
Сонымен қатар Оралда ет өнімдерін «жалған» сертификаттау дерегі анықталған еді.