Эталон орталығы 2009 жылдың ең үздік жас стандартаушысын анықтады

деп хабарлайды ҚазАқпарат Комитеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Байқаудың басты мақсаты стандарттау саласына мамандарды даярлаудың деңгейін арттыру, ғылым және қолданбалы қызметтердегі жетістіктері үшін жас стандарттаушыларды, студенттерді анықтау, қолдау көрсету және ынталандыру болды.
Байқауға техникалық реттеу бағытындағы республиканың жоғары оқу орындарынан, мекемелер мен кәсіпорындардан барлығы 9 өкіл қатысты. Байқауда бекітілген ережеге сәйкес, қатысушылардың ғылыми жұмыстары қаралып, оларға бірнеше белгі бойынша балдар тағайындау үшін жан-жақты талдау жасалды.
Ғылыми жұмыстарға жүргізілген талдау жұмыстарының және бағалардың нәтижесі бойынша байқау жеңімпазы болып Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің магистранты Жанна Нұғыманова танылды. Екінші орын аталмыш оқу орнының 4 курс студенті Динара Бәкіжановаға бұйырса, үшінші жүлделі орынды «Ертіс-Стандарт» ЖШС-ның мамандары Айгүл Мұстафинова және Ангелина Комендатова өзара бөлісті.