Етікші 17 жыл бойы басындағы пышақты байқамай өмір сүріп келген
АСТАНА. 23 наурыз. ҚазАқпарат - Сальвадор қаласындағы етікші 17 жыл басындағы пышақпен өмір сүріп келген. Тек жақында ғана хирургтар оның бас сүйегінен бөтен денені алып тастады, деп хабарлайды Утро.ру.
1995 жылы Хорхе Альберто Гонсалес Кампосқа уытқұмарлар бас салды - оларға желім қажет болған. Етікші тойтарыс бергенімен, бірақ пышақпен басынан жараланған екен. Ол басында пышақ бар екенін осы күнге дейін білмей келген көрінеді.
Ота жеті сағатқа созылды және сәтті өтті: емделуші өзіне келіп, сөйлей бастады.
Бұл бұндай жалғыз оқиға емес екенін атап өткен жөн. Өзіндік рекордты неміс әйелі Маргарет Вегнер орнатты, ол 55 жыл басындағы қарындашпен өмір сүріп келген.