Этна жанартауы осы жылы алтыншы рет атқылады

АСТАНА. 17 сәуір. ҚазАқпарат - Италияның Сицилия аралында Еуропадағы ең әйгілі Этна жанартауы тағы да атқылай бастады, деп хабарлайды 1tv.kz сайты.

Этна жанартауы осы жылы алтыншы рет атқылады

Ғалымдар бірнеше магманың атқылау есебін шығарды. Отты бұрқақтар 100 метрден астам биіктікке көтерілді.

Бірінші арнаның (Ресей) хабарлауынша, жанартау күлдерінің қалдықтары жанартау болған жерден оңтүстік-шығысқа қарай ондаған шақырым жерлерге дейін жетті. Бұл - Этнаның осы жылғы алтыншы рет атқылауы. Соңғы уақыттарда жанартаудың атқылауы өте белсенді күйде.

Мамандардың сөзіне қарағанда, тұрғындар мен ғимараттарға төніп тұрған қауіп-қатер жоқ. Жанартаудың атқылауы жергілікті әуежайдың жұмысына да кедергі келтірмеді.

Еске сала кетейік, Этна - Италияның ең ірі пәрменді жанартауы, ол өзінің жақын жатқан «қарсыласы» Везувий жанартауынан 2,5 есе асып түседі.