Этникалық мәселелер бойынша халықаралық журналист- сарапшылар клубы құрылады

Еске сала кетейік бірінші халықаралық медиафорум негізінен БҰҰ Бас Ассамблеясының 16 қарашаны Халықаралық толеранттылық күні ретінде жариялау аясында өтуде.
Шара аясында «Қазмедиа орталығы» ғимаратында Қазақстан халқы Ассамблеясы мен этномәдени бірлестіктердің 36 республикалық және өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарының көрмесі өтті. Аталған БАҚ қазақ, орыс, өзбек, ұйғыр, украин, неміс, кәріс, түрік, әзірбайжан, татар, еврей, армян, дұнған секілді 15 тілде жарық көреді.
Ал медиафорумның жалпы отырысында белгілі сарапшылар, шетелдік ғалымдар мен қоғам қайраткерлері өз пікірлерін ортаға салды. Алғаш рет өткізілген форум аясында бірқатар ұсыныстар да жасалған болатын. Соның бірі Астанада этникалық мәселелер бойынша халықаралық журналист-сарапшылар клубын құру жайында болып отыр. Сарапшылардың пайымынша, бұндай ұсыныс отандық БАҚ-тарда жарияланып келе жатқан толеранттылықты нығайтуға өз септігін тигізбек.
Медиа форум 4 панельді отырыс бойынша жалғасып, оның әрқайсысында этножурналистиканың өзекті мәселелері талқыланатын болады. Сонымен қатар, шетелдік БАҚ пен Елшіліктер пресс-атташелері үшін Елбасы Н.Назарбаев қалыптастырған этникааралық толеранттылық пен қоғамдық келісімнің қазақстандық үлгісінің халықаралық таныстырылымы да жоспарланған.